Атырауда үздік мамандар мен еңбек ардагерлері марапатталды

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында 25 қазан – Республика күніне арналған «Отаным – Бақыт ордасы» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиынға облыс басшылығы, мәдениет және қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері мен жастар қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Гимнін салтанатты түрде сахнаға алып шығумен басталды. Әскери қызметкерлердің қатысуымен өткен рәсім көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Мерекелік жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов құттықтау сөз сөйлеп, республика күнінің ел өміріндегі маңыздылығын атап өтті. 

Салтанатты жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 50-ге жуық азамат марапатталды. Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкінұлы “Құрмет” орденімен наградталды. 

Ресми бөлімнен кейін көрермен назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Концертте жергілікті өнерпаздар мен халықтың сүйікті тобы – «МузАрт» әсерлі әндер шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, Республика күніне орай Атырау облысында 15–27 қазан аралығында 69 түрлі мәдени және қоғамдық іс-шара өткізу жоспарланған.

Хұсни ХАМЗА

AQPARATPRINT

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT