Президенттің Жолдауында айтылған жасанды интеллектті дамыту бастамасы – еліміздің болашағына бағытталған үлкен қадам. Қазірдің өзінде бұл технологияның мүмкіндіктері ауыл мектептерінде де енгізіліп жатыр.
Мысалы, оқушыларға цифрлық сауаттылықты арттыру, бағдарламалау негіздерін үйрету, жасанды интеллект арқылы білім беру процесін жеңілдету бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Бұл – ауыл балаларына үлкен мүмкіндік. Қай жерде өмір сүрсе де, әрбір бала жаңа заманның технологиясын игеріп, ел дамуына үлес қоса алады. Президент бастамасын толық қолдаймын!
Элонара Саттаркызы
Елтай ауылының мұғалімі


