Қонаевқа деген құрметіміз осы ма?

Соңғы кездері Индербордың келбеті кетіп бара жатқандай көрінеді. Саябақтар қараусыз,  жасыл-желектерге су жетпесе, көше мал жайылымына айналды. Мысалы, орталықтағы аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері  Д.Қонаевтың атына берілген көшедегі сиырларды көргенде осылай демеске амалың жоқ. Бұл күнделікті көрініске айналғандай.  Дәндігіп алғаны соншалық әркімнің айдағанына көне қоймайды да. Ал ит пен мысыққа жол беретін жағдайға жеттік.  

Осы орайда біз Индербор кенті әкімінің орынбасары  Нариман Ғиниятовқа хабарласқан едік.
-    Орталық көшелердегі жасыл-желекті отап жатқан сиырларды жұмысшылар арнайы қораға қамап қойды. Қазір учаскелік инспекторды шақыртып отырмыз. Мал иелеріне  заң аясында хаттама толтырып,  айыппұл салдыратын боламыз. Әрбір тұрғын иелігіндегі малдарына мұқият болып, жайылымға асырып айдағаны жөн. Әйтпеген жағдайда тиісті шарасы алынатын болады,  - деді ол. Жалпы Қонаевтай қайраткерге деген құрмет оның атындағы көшенің жайнап тұруымен де көрінеді. Өкінішке орай бізде көрініс олай болмай тұр. Ал Президенттік бірнеше миллион ағаш егу жөніндегі тапсырмасы және бар емес пе? Оның орындалуына жауапты билік неге осындайға жол береді.    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521