Оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізілді

Аудан прокуратурасының бастамасымен Қылмыстық құқық бұзушылықтың және "жалған терроризмнің" алдын алу мақсатында Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, "Көктем" қазақ орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге аудан прократурасының прокуроры Сымбат Балтабаева, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Тұрсынай Аренова, Индер ауданы полиция бөлімі ЖПҚБ ЮПТ КТіЖ УПИ-ры полиция аға лейтенанты Айғали Мирамгүл, кәсіби медиатор Гүлфара Егізбаева, балалар мен жасөспірімдер клубы директорының міндетін атқарушы Бағдат Абенов пен БАҚ өкілі қатысты. Оқушылармен өткен кездесу аясында кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, оның себеп салдары, балалар арасындағы суицид, жыныстық қылмыстар, жалған терроризм, ұрлық, әлімжеттік жасау, буллинг, Заң аясында берілетін тәртіп пен бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында атқарылатын жұмыстар кеңінен баяндалды. Оқушылар сұрақ қойып, сала мамандарынан жауаптарын алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT