Мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы, қызметкердің ел алдындағы жауапкершілігі мұның барлығы билік дәлізіне аяқ басқан адамға қажет-ақ.
Бұл ретте мемлекеттік қызметтің Б корпусына енген әрбір маман алдымен мемлекеттік қызметтің жауапкершілігін сезіне білуі қажет. Жалпы мемлекеттік қызметтің барған сайын мәртебесі өсіп, жауапкершілігі арта беретін болады.
Президент бір агенттікті екіге бөлді. Бірі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы, екіншісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. Екеуі де Президентке тікелей бағынады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президент жарлығында айтылғандай, мемлекеттік қызмет жүйесін өсіреді, мәртебесін көтереді. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан ары жетілдіретін болады. Негізінде мемлекеттік қызмет ауыр, кейде белгілі бір уақытқа сыймайды. Мұны осы салада жұмыс істеген, жұмыс жасап жүрген мемлекеттік қызметшілер ғана жақсы біледі. Жалпы мемлекет осы салада күн-түн демей жұмыс істейтін қызметкерлерді қолдауды тұрақты түрде жалғастырып келеді.
Атап айтар болса, Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі 23 маусым – мемлекеттік қызметкерлердің күні болып белгіленді. Бұл мереке Әрбір мемлекеттік қызметшінің ар, абыройын, имиджін көтеруге арналған. Сондай-ақ қызметке сіңірген еңбегі үшін «Үздік мемлекеттік қызметші» дәрежесін беру де белгіленді. Мұндай атақтар мен дәреже қызметшілерді ынталандырады. Атап айтар болсам, мемлекеттік қызметкер болу–үлкен жауапкершілікті талап етеді. Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық Жолдауында «Халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұр»,- деп атап көрсеткені белгілі. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы қиын, әрі ол уақытқа бағынбайды.
Өйткені, кез келген мемлекеттік қызметшінің алдына барған адам мәселесінің тезірек шешілуін талап етеді. Сондай-ақ үлкен үмітпен келеді. Бірақ қабылдаудағы адам мұны түсіне бермейді. Жедел шешімін табатын да, ұзақ уақыттан кейін шешілетін де мәселе бар. Осындай сәтте мемлекеттік қызметшілер келушіні сыпайы қабылдап, жағдайды барынша түсіндіруі керек. Сонда ғана келген адам оның парасаты мен өзін-өзі ұстау мәдениетіне ризашылықпен қарайтын болады. Мұндай қабылдау дәл қазіргідей жағдайда әркімге де өте қажет. Өйткені өзі шеше алмаған қордаланған проблемаларды алға тартып, шеше алмай жүрген мәселесін тез арада шешу оңайға соқпайды. Сондықтан бұл жерде кәсіби біліктілік пен жауапкершілікке, сыпайы қабылдауға байланысты. Оның үстіне кез келген мамандық иесінен мемлекеттік қызметкердің дәрежесі мен мәртебесі жоғары тұрады. Ол түсінікті жағдай. Қарапайым халық сондықтан жергілікті атқарушы органдардан, қабылдауына барған қызметкерден қолдау күтеді, әділдік іздейді.
Солар арқылы түйткілді шешуге тырысады. Жалпы халықтың сауалына жедел жауап беру үшін әлеуметтік желілерді жиі және тұрақты пайдалану туралы Президент Тоқаевтың бастамасы өте дұрыс әрі орынды.
Өйткені, кабинетте отырып мәселені ешкім шеше алмайды. Бұл шын мәнінде астамшылық болар еді. Егер халықпен қоян-қолтық жұмыс атқаратын болса, әкімдіктер көптеген өзекті мәселені тиісті деңгейде тез шеше алады. Бұл азаматтардың билік институтына деген сенімін арттырады,–деген болатын Президент. Бұрынғы заман өтті, келмеске кетті. Қазір Жас, білімді парасатты буын өсіп келеді.
Сондықтан да барлық атқарушы билік өкілдері, мемлекеттік мекемелер өкілдері халыққа жақын болуы тиіс. Қазіргі қоғамның шынайы көрінісі шын мәнінде мемлекеттік қызметкерлер халыққа жақындай түсті. Қордаланған мәселелер тиісті шешімін барынша тауып жатыр. Әлі де болса, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру, халық алдындағы жауапкершілігін жоғарылату – басты міндет.
Гүлфара ЕГІЗБАЕВА,
аудандық сотының кеңсе меңгерушісі