Медиахолдингті енді Ысқақ Егембердиев басқарады

Бүгін «Атырау-Ақпарат» медиа-холдингінің жаңа директоры болып Ысқақ Егембердиев тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

«Атырау-Ақпарат» ұжымына жаңа басшыны Атырау облысы әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.

2000-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. ​ Одан кейін ​ 2005-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған. Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ​ “Сарыарқа”, “Мысты өңір”​ ​ ​ ​ газеттерінде тілші болып бастаған.

2003-2004 ж.ж.​ “Қазақ университеті”,​ “Жас Алаш”​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған.

2005-2019​ жылдары аралығында​ “Хабар” агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болып еңбек еткен.

2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарып келді.

Қазіргі уақытта «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі 2 облыстық, 7 аудандық газеттерді, 11 сайтты және үлкен баспахананы біріктіріп отырған үлкен құрылым.

Қазіргі уақытта холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет медиа дамып келеді.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика