Мұқтаж жан баспаналы болды

Баспана тауқыметін тартып келген есболдық  Ләззат Қизатқызы күтпеген жерден қуанышқа кенелді. Жерлестері өзара күш біріктіріп жалғызбасты анаға 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Ұлы жаңа ғана әскерден оралып, қызы 9 сынып оқитын ананың қуанышына ауылдастары ортақтасып  игі тілектерін арнады. Округ әкімі Абзал Рамазанов, қуанышқа себепші болған блогер Қуаныш Жанесеев, ауыл үлкені, қуаныш иесінің анасы Әлима Салихова құттықтап, шашу шашты.
-Шыны керек, ана ретінде өзім қатты толқып тұрмын. Қызымның баспанасыз жүргені жаныма қатты батушы еді. Міне "көп түкірсе көл" демекші ауылдастары бастама көтеріп ортақ қаржы шығарып үйлі болуына үлкен жағдай жасады, сол үшін аналық жүрегіммен алғыс айтамын,-деді.
Құны 1 миллион теңгеге бағаланған үйге ие болған Ләззат Қизатқызы ауылдағы Жамбыл атындағы орта мектепке қарасты интернатта техникалық қызметкер болып жұмыс жасайды екен. Тапқан табысы пәтер жалдауға кететін мұқтаж ана жерлестеріне алғыс айтты. Осынау қуанышты сәтке ұйытқы болып, бастама көтерген ауыл тұрғыны Гүлсара Нұрмұханова да өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді.
-Ауылымыздың бірлігі жарасып, мұқтаж отбасыға осындай бастама көтеріп жалғызбасты ана Ләззат Салиховаға бәріміз жұмыла үй алып беріп жатырмыз. Отбасы күніне орай үйді табыстаудамыз. Ауыл  халқына  көп-көп рахмет. Бірлікте болайық ,-деді.
Мұндай қуаныш аталған ауылда осымен алтыншы рет аталып өтіп отыр. Осыған дейін мектеп бітіруші түлектер үш отбасыға, республикалық «Харекет» қоры екі отбасыға баспана алып беріп қуантқан болатын.


С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ,
Есбол ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521