"Дендер" газетінің ардагері Төлеу Ербөлекқызының еңбек өтілі «Индерден» де бұрынғы «Коммунизм туы» газетінен басталады.
Ал 1965 жылдан бастап Индер ауданы өз алдына бөлек құрылғанда, жолдасы, ардагеріміз Кеңес ағай екеуі алғашқы газет шығарушылардың бірі. Ол кезде редакция мен баспахана Индербордың қазіргі Жамбыл көшесі бойында орналасыпты.
Төлеу Ербөлекқызы бүгін мерейлі 85 жасқа шықты. Біз ардагерімізді Индердің "Болашақ" мөлтек ауданындағы жаңа қонысына барып құттықтап шықтық.

