КӨК ШЫРША КӨК ШЫРША КӨРІК БЕРМЕК

 АУДАНЫМЫЗДА  СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ҚЫЛҚАНЖАПЫРАҚТЫ МӘҢГІ ЖАСЫЛ АҒАШТАР КӨПТЕП ЕГІЛІП, ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕР МЕН САЯБАҚТАРДЫҢ СӘНІНЕ АЙНАЛДЫ. 

АЛ КЕШЕГІ ЖЕКСЕНБІ КҮНІ  ИНДЕРБОР КЕНТІНІҢ ОРТАЛЫҚ АЛАҢЫНА 5 ТҮП КӨК ШЫРША АҒАШЫ ЕГІЛДІ. АУДАНЫМЫЗДА МҰНДАЙ ШЫРШАНЫҢ ТҮРІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕГІЛІП ОТЫР ЕКЕН. Бұл көк шырша кез келген аймақтың сәнін ашатын әсемдігімен ерекше. Әдетте қалаларда  сәндік өсімдік ретінде  қолданылады. Жел мен құрғақшылыққа  және қатты аязға төзімділігімен де белгілі.  Әрі түрлі микроб пен вирусты жоятын қасиеті бар, денсаулыққа пайдалы көрінеді. – Мемлекет басшысы тапсырмасына сай көгалдандыру жұмыстары ауданымызда тұрақты жалғасын табуда. Бұл шырша кент басындағы саябақтарды күтумен айналысатын «ДелТехСтрой» ЖШС 
демеушілігімен егіліп отыр. Аталмыш серіктестік биыл кенттегі  Махамбет көшесіне 200 түп тал еккен болатын, – дейді  Индербор кенті әкімінің орынбасары       Қайыржан Нұриев. Айта кетейік, «ИСИ ГИПС Индер» ЖШС қызметкерлері де «Көктем» мөлтек ауданында орналасқан саябаққа өз қаражаттары есебінен 330  (тополь, үйеңкі) көшет отырғызды.  


С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT