Әке – шаңырақ тірегі

Мектебімізде «Ұлтыңды ойласаң – рухты ұл тәрбиеле» жобасы аясында «Әке – шаңырақ тірегі» тақырыбында әкелер кеңесінің төрағалары мен олардың ұлдары қатынасқан шара мәнді де сәнді өтті.

Шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Жұмабайқызы ашып, қатынасушы әкелер мен ұлдарға сәттілік тілеп, 10 сынып оқушысы Қабдирова Айшаның орындауындағы «Менің әкем» әнімен ұштасты. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлмария Ақбисенова, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Өтепқалиев және оқушылар шығармашылық орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнагүл Жанғалиева қатынасқан кеште өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Әдемі Қадіржанқызы «Тыныштық сәтін» ұйымдастырып, қиынды суреттер арқылы әкелерді 2 топқа бөліп, әр топ берілген суреттен топтың атын құрастырды.

Одан әрі «Бақытты жанұя» және «Жапырақ тамырдан нәр алады» атты постер жұмысы әкелердің қатысуымен жоғары дәрежеде өз ойларын өмірмен ұштастырды. Ал «Құбыр» сергіту жаттығуын мектеп психологі Гүлмира Ермекқызы ұйымдастырып, әкелер жаттығуда ерекше табандылық пен шыдамдылық танытты. «Бізден сұрақ, сізден жауап» кезеңін жүргізген тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орынгүл Қабиқызы ұлдары туралы берілген сұраққа әкелердің мықты жауап бергенін мақтана айтып, отбасында әке мен бала арасында байланыстың бар екендігін сезіндік. Шарада ең кішкентай қатынасушы Айтөре Бауыржанұлы әкесімен бірге сахна төрінде «Әкешім» әнін шырқағаны қатынасушы мен көрермендерді тәнті етті.

С.АКСЕРИКОВА,

Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің аға тәлімгері.

Көктоғай ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз