Кәсіпкер аудан тұрғындарына қол ұшын созды

 Қазіргі қиын жағдайда қиналған жандардың қасынан табылып, қол ұшын созып жүрген жастар баршылық. Соның бірі – Елтай ауылының тумасы, облыста кәсіпкерлікпен айналысып жүрген жас – Еламан Жұматов.

Ол аудандағы азқамтылған, жағдайы төмен 10 отбасын макарон, астық, шемекі май, секер, сүт секілді қажетті азық-түліктермен қамтамасыз еткен.

- Алда үлкен қор ашып, осындай көмекті қажет ететін отбасыларға жәрдемімді тигізсем деймін. Бұрын қала, аудан орталығындағы денсаулығы нашар тұрғындарға ақшалай көмек беріп жүрдім. Рамазан айында сауапты істі тағы да жалғастырғым келді. Ол ойымды индерлік достарым Ерасыл, Азамат, Нұрболат пен инста парақшама тіркелуші достарым және атыраулық кәсіпкер Ляззат Танкибаева секілді аға-әпкелерім де шотыма ақша аударып, өз қолдауларын білдірді, - дейді 22 жасар жігіт.

Қазақта «Жақсы іс жан жадыратар» деген сөз бар. Ағалардан көргенін інілер санаға түйіп, жақсы қадаммен көрініп жатса ол - үлкен қуаныш.

Айта кетейік, жас та болса ел тағдырына алаңдап, қиналғанға қол ұшын созар тұлғалар көбейе берсін.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521