КАНДИДАТ ҮГІТ-НАСИХАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕСІН АЙТТЫ

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев сайлауалды үгіт-насихаттың аралық нәтижелері жөнінде тікелей эфирде баяндап берді. Сонымен бірге кеше Астанада тығыз құрылысқа қарсы өткізілген митинг қорытындыларымен бөлісті.
Президенттікке кандидат атап өткендей, 2 апта ішінде сайлауалды штаб бірқатар іс-шара атқарған. Оның ішінде өңірлерге, атап айтқанда, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола облыстарына, Шымкент және Алматы қалаларына сапармен барған. Одан бөлек бірқатар ауыл тұрғындарымен кездесу өткізген.
Аймақтық сайлауалды штабтармен еліміз бойынша 30-дан астам үгіт-насихат шаралары жүзеге асырылған.
5 қарашада ЖСДП-дан кандидат Республикалық сайлауалды штаб ұйымдастыруымен өткен тығыз құрылысқа қарсы митингіге қатысты. Іс-шара Пушкин және Ш.Құдайбердіұлы көшелері қиылысында орналасқан саябақ аумағында өтті.
Митингіге 50-ге жуық адам: партия белсенділері, сонымен бірге қала тұрғындары қатысты.
Митинг қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Құжатта ЖСДП тұрғын үйлермен қатар балабақша, мектеп, аурухана, саябақтардың құрылысын міндеттейді.
Резолюцияда сонымен қатар экология, қажетті инфрақұрылым құрылысы, салынатын үйлердің сапасын арттыру қажеттілігі мәселелері көтеріледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз