Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы

сурет BAQ.KZ. сайтынан алынды

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының Заңы              2022 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды және наурыз айының 3-інен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Бұл Заң дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады.

Азаматтардың банкроттық рәсімдерінің 3 түрі болады, олар:

  1. Соттан тыс банкроттық (банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы қарыз 5,5 млн. теңгеге (1600 АЕК) дейін
  2. Сот банкроттығы (қарыздың қалған түрлері бойынша (сомасына қарамастан) 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) астам
  3. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру (борышкер мүлкінің құны барлық қарыздардың мөлшерінен аспайды)

 

Борышкер белгіленген нысан бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жазбаша (қағаз немесе электрондық) нысанда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз береді.

  1. Уәкілетті органның соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі борышкер туралы мәліметтер "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған күннен бастап алты айды құрайды.
  2. Борышкер туралы мәліметтер "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған күннен бастап мынадай салдар басталады:

      1) борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептеледі;

      2) соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады;

      3) борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылады;

      4) борышкердің жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауына (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) тыйым салынады;

      5) уәкілетті органның мемлекеттік органдар мен өзге де органдардан және ұйымдардан борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану алдындағы үш жылға дейінгі кезеңдегі жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептеледі;

      6) борышкердің банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақша өндіріп алуға жол берілмейді;

      7) соттардың борышты өндіріп алу туралы шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.

 

Борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында береді. Сот арыз келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жөнінде іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

  1. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап мынадай салдар басталады:

      1) борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептеледі;

      2) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады;

      3) борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылады;

      4) борышкердің өзіне жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауына (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) тыйым салынады;

      5) кредиторлардың мемлекеттік органдардан және өзге де органдар мен ұйымдардан борышкердің мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептеледі;

      6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде емделу, жақын туысын емдеуге алып жүру, жақын туысын жерлеу қажет болған жағдайларды қоспағанда, борышкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығуына тыйым салынады;

      7) борышкердің банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;

      8) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкерге талаптар төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің шеңберінде ғана қойылуы мүмкін;

      9) борышкердің мүлкіне қатысты соттардың бұрын қабылданған шешімдерінің орындалуы тоқтатыла тұрады;

      10) мемлекеттік органдардың, өзге де органдар мен ұйымдардың борышкер мүлікті беруге, мүліктік міндеттемелерді төлеуге немесе өзге де тәсілмен орындауға міндетті болатын шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.

      Бұл ережелер алименттер туралы және өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарға қолданылмайды.

 

  1. Соттан тыс банкроттық Мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады

Өтініш EGOV электрондық үкімет порталы арқылы беріледі

Қарыздар:

  1. Екінші деңгейдегі банктер;
  2. Микроқаржы ұйымдары;
  3. Коллекторлық агенттіктер алдындағы бойынша.

Шарттары:

  1. Қарыз 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді
  2. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ
  3. Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді)

Ерекше шарттары:

  1. 6 ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін - борышты өтемеу кезеңінің бөлігінде 1-шарт ескерілмейді
  2. Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе - жоғарыда аталған барлық Шарттар ескерілмейді

 

  1. Сот банкроттығы

Сотпен қарастырылады

Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі

Шарттары:

Барлық кредиторлар алдындағы қарыздың барлық түрлері бойынша

Нені білу керек:

  1. Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда - саттықта сатылады
  2. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы
  3. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді
  4. Қаржы басқарушысы тағайындалады
  5. Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ)

Банкроттықты жүргізу мерзімі - 6 айға ұзарту мүмкіндігімен 6 ай

Рәсімді қолдану барысындағы шектеулер:

  1. Мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру) бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады
  2. Рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салу

 

  1. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Сотпен қарастырылады

Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі

Шарт:

Қарыздың мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайды

Сауықтыру шаралары:

  1. Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру
  2. Жаңасын сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т.б.

Артықшылықтары:

«Банкрот» мәртебесі берңлмейді

Теріс салдарсыз (қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ)

Қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін)

Шетелге шығуға шектеу жоқ

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі

Қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.

 

Банкроттықтың салдары

  1. 1. Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады
  2. Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады
  3. Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады

 

С.Исалиева

Индер  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521