ИТІ МЕН МЫСЫҒЫН ТІРКЕМЕГЕН АЗАМАТТАРҒА 30 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Экология министрлігінің мамандары жануарларға орнатылатын чиптің олардың қайда жүргенін тез анықтауға көмектесетінін айтады. Шприц арқылы салынатын сұйықтық тері мен ет арасында тұрады. Оны жануар иесі өз қаражатына орнатады. Иесі жайлы ақпарат беретін құрылғыдан бөлек тағы болюстер арқылы орнатса болады.

"Министрлік үй жануарларын есепке алу ережелерінің жобасын әзірледі. Оның шеңберінде ит пен мысық міндетті есепке алынатын жануарлар түріне жатады. Ал, үй жануарларының басқа түрлеріне келетін болсақ, оларды тіркеу ерікті түрде жүргізіледі. Сондай-ақ, төрт түлік мал яғни, ауыл шаруашылығы жануарларына жататын болғандықтан экология министрлігінің құзыретіне кірмейді", – деді ҚР экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Мақсат Насыр.

Жануарларды тіркеу 2023 жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Оларды иелері бір жыл ішінде чиптеуі керек. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап чип орнатылмаған жануар иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

atpress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз