Индер ауданында Республикалық «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасын жүзеге асыру шеңберінде азаматтарды жеке өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдауға келушілерді алдымен толғандыратын жер алу, баспана, ауылдық округтерде жол салу мәселелерін көтерді. Қоғамдық қабылдауға келушілердің басым бөлігін ауылдық-округтердің тұрғындары құрайды.
-Жылма жыл туындап отырған мәселе біздерді көшералық асфальт жолы. Ауылымызда 6 көшеде асфальт жоқ. Көктемде әсіресе қар ерігенде жаяу жүруге мүмкіншілік жоқ. Балалар сабаққа, балабақшаға барара көптеген қиындықтар туып жатыр. Бұл бірінші мәселе. Екінші мәселе ауылымызда бұралқы иттер көбейіп кетті. Екі жыл болды ауылымызға ит ататындар келмей жатыр. Ауыл ардагерлері қолқа салғаннан кейін келіп отырған жайым бар, - дейді бөденелік тұрғын Кеңес Сәрсенғалиев.
Аталған ауылдағы жол мәселесі үстіміздегі жылы шешілмекші. Ол үшін қазынадан тиісті қаржысы бөлініп жол салатын мердігер мекеме жуырда анықталмақ. Екінші мәселені құзырлы орындар назарына берілмек. Коллекторлық мекемелер несиесін өтей алмай жүрген тұрғындарды несиеңізді жедел жабыңыз деп жиі мазалайтын көрінеді. Бұл тұрғыда борышкерлерге заңгерлер өз кеңестерін берді.
-2022 жылдан бастап бізде «AMANAT» партиясының мобильдік қабылдау шарасы басталды. «Халық бізге келмейді, біз халыққа барайық» деп осындай игі шараны бастадық. Биілдің өзінде екі айдың ішінде республикалық «AMANAT» партиясына 7 мыңнан астам өтініш түскен. Соның 60 % оң шешіліп жатыр. Бүгінгі күні 20 шақты өтініш келіп түсті. Неізінен көтерілген мәселелер жер мәселесі, жерді жалға беру, кәсіп ашу «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ұсыныстармен келді, - дейді Ермұханбет Жұмабек, «AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі басшысының орынбасары
Партия өкілдерінің айтуынша қабылдауға келген тұрғындардың талап-тілектері аяқсыз қалмай тиісті орындар алдына қойылып, қайткен күнде де заң талаптары аясында шешу қарастырылмақшы.
СҰҢҚАР КӨШЕКОВ,
ИНДЕР АУДАНЫ