Индерде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

 Мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге көмектесу. 

Акция барысында аудан тұрғындары құқық қорғау және атқарушы орган өкілдерінен,  жеке мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңес алды.
– «Халық заңгері» акциясы аясында кез-келген азамат мемлекеттік орган өкілдеріне өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, жауап ала алады.

Акцияның тиімділігі заң тұрғысында кеңес ала алмай жүрген жандар әр мекемені жағаламай, бір жерден барлық сауалына жауап алуға мүмкіндік бар. Бұл шара еліміздің азаматтарына тегін заң көмегін көрсетіп, олардың құқықтық мәдениетімен сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама, -дейді аудан прокуроры Нариман Ешманов. 
Айта кетейік, акция түстен кейінгі уақытта Есбол мәдениет үйінде өтуде.


Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT