Бүгінгі заман – технология мен білімнің ғасыры

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған «Цифрлы елге айналу» бастамасын мен, белсенді жас ретінде, толық қолдаймын. Бүгінгі заман – технология мен білімнің ғасыры. Цифрландыру тек ыңғайлылық қана емес, елдің болашағын айқындайтын стратегиялық бағыт.

Біздің буын — жаңа идея мен инновацияның қозғаушы күші. Қазірдің өзінде жастар бағдарламалау, робототехника, жасанды интеллект саласында жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Мемлекет осы бағытта білім мен қолдауды күшейтіп, ауыл-аймақ жастарына да тең мүмкіндік берсе, еліміз шын мәнінде цифрлы державаға айналары анық.

Цифрландыру арқылы ашықтық, әділеттілік және тиімді басқару қалыптасады. Бұл – жаңа жұмыс орындары, жаңа мамандықтар, жаңа өмір сапасы. Сондықтан мен Президенттің бастамасын қолдай отырып, әр жас өз саласында цифрлық мәдениетті дамытып, елдің дамуына үлес қосуы керек деп есептеймін.

Аружан Қайратқызы

3 курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT