«Серпер» газетінің 95 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Бүгін аудан өміріндегі маңызды мәдени оқиға — өңірдің бай тарихына ие «Серпер» газетінің 95 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті.

Мерейтой аясында аудан тұрғындары мен жастарға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, аудандық футбол турнирі, жастар арасында интеллектуалды куиз, оқушылар арасында өлең жазудан байқау, сондай-ақ облыстық деңгейдегі ақындар айтысы өтті.

Мерекелік жиында баспасөз саласының ардагерлері мен үздік журналистердің еңбегі еленіп, арнайы марапаттар табысталды.

«Серпер» газеті — өңірдің айнасы, халықтың шежіресі. 1929 жылы алғаш рет жарық көрген басылымның атауы уақыт талабына сай төрт рет өзгергенімен, мазмұны мен мақсаты өзгерген жоқ. Қазіргі таңда газет 5 мыңға жуық данамен таралып, қызығушылығын жоғалтпай, тұрақты түрде халық қолына жетіп келеді.

Жүз жылдық белеске қадам басқан ұжымға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! 

 

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT