Инфрақұрылым мен техника жаңартылса, өндіріс көлемі де артады

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығына ерекше мән берілгені біз, шаруалар үшін үлкен қолдау болды. Президенттің агросаланы жаңа деңгейге көтеру, ауыл еңбеккерлерінің жағдайын жақсарту жөніндегі бастамаларын толық қолдаймыз. Енді ауылдағы әрбір шаруа еңбегінің жемісін көруі үшін инфрақұрылым мен техника жаңартылса, өндіріс көлемі де артады.

Ауыл – елдің тірегі. Сондықтан мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдетілген несие мен субсидиялардың қолжетімді болуы бізге үлкен көмек. Осындай нақты қадамдар ауылда тұрақтылық пен еңбекке деген жігерді арттырады.

Біз де өз кезегімізде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуға дайынбыз.

Сатыбалды Амантурлин

жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT