Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты. Министр салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани кемелденуіне бағдар болған, адамзаттың асыл мұраттарын насихаттаған ұлы тұлға екенін атап өтті. Оның шығармаларындағы басты идея – адамгершілік, әділдік, білім мен еңбек арқылы ізгілікке үндеу. Сондықтан да Абай бейнесінің дәл Рим қаласында бой көтеруі – мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы рухани көпірдің белгісі болары анық. «Кейінгі жылдары мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас ерекше серпін алды. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Италияға ресми сапары мен Италия Министрлер кеңесінің төрайымы Қазақстанға жасаған ресми сапары ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді. Ал қыркүйек айында Италия Президенті Қазақстанға келіп, жаңа байланыстарға жол ашып, бірқатар маңызды келіссөздер жасалды. Бүгінгі Абай ескерткішінің ашылуы – сол келісімдердің көрінісі, екі халық арасындағы достық пен өзара құрметтің белгісі деп білемін», – деді Аида Балаева. Айта кетсек, қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі шетелде зор құрметке ие. Ақынға арналған ескерткіштер, бюстер мен монументтер әлемнің көптеген ірі қалалары мен астаналарында орнатылған. Олардың қатарында, Ташкент, Мәскеу, Қазан, Бішкек, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Анкара, Ыстамбұл, Нью-Дели, Женева, Париж, Ренн, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков, Баку және Рио-де-Жанейро қалалары бар. Аида Балаева мен Ерболат Сембаев Шыңғыс Айтматов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Қызмет бағыты Мәдениет 0
Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 7

