Ауылға заманауи технологиялар енгізілсе

Президент Жолдауында айтылған жасанды интеллектті дамыту мәселесі – заман талабы. Бұл технология ауыл шаруашылығында да үлкен мүмкіндік ашатыны анық. Мысалы, жер өңдеу, егін егу, ауа райын болжау, малдың күйін бақылау сияқты жұмыстарды жасанды интеллект арқылы жеңілдетуге болады.

Бүгінде бізге ең керек нәрсе – уақыт үнемі мен өнімділік. Егер ауылға осындай заманауи технологиялар енгізілсе, еңбегіміз де нәтижелі, табысымыз да тұрақты болар еді. Президенттің цифрландыру мен инновацияға бағытталған бастамасын толық қолдаймыз.

Ауыл шаруашылығын жасанды интеллектпен ұштастыру – болашақтың жолы деп білемін.

Диас Айбаров

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT