Бұл – болашақтың ғана емес, бүгінгі күннің талабы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында ерекше назар аударған бағыттардың бірі – жасанды интеллектіні (ЖИ) дамыту. Бұл – болашақтың ғана емес, бүгінгі күннің талабы.

Мен, белсенді жас ретінде, бұл бастаманы толығымен қолдаймын. Себебі ЖИ тек технология емес, ол – жаңа мүмкіндіктердің кілті. Білім беру, медицина, ауыл шаруашылығы, бизнес сияқты салаларда жасанды интеллектті енгізу арқылы еліміз тиімділік пен өнімділікті арттыра алады.

Президент атап өткендей, ЖИ саласында өз мамандарымызды даярлау өте маңызды. Сондықтан жастардың ІТ-білімін күшейтіп, зерттеу мен тәжірибеге жағдай жасау – басты міндет. Бұл бағытта мемлекет пен жас буын бірлесіп жұмыс істесе, Қазақстан цифрлы дәуірдің көшбасшы елдерінің қатарына қосылады деп сенемін.

Айбат Саламатұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT