Индерде карантин талабын сақтамаған 17 тұрғын айыппұл арқалады

Әлі күнге дейін қызыл аймақта тұрған Индер ауданындағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Мұны біз аудандық санитариялық-эпидемеологиялық қадағалау басқармасының басшысы Гүлжан Уразалиева келтірген деректерен анық байқадық.

Жыл басынан 775 адам сырқатқа шалдықса, 571 аурудан аман есен айығыпты. Ал 11 адам тәжі вирус салдарынан өмірден өткен.

Сырқатқа шалдығушыларды қатары өткен шілдеге қарағанда тамыз айының алғашқы 15 күндігінде көп болып отыр. Өйткені 188 адам тіркелсе, 27 адам ауруханада ем қабылдап жатырған көрінеді.  Жасыратыны жоқ сырқаттанған жандардың арасында дәрігерлердің бар екені белгілі болып отыр.

Сырқаттың алдын алуға бағытталған 5060 вакцина ауданға жеткізілсе күні бүгін 4710 адам екпе алып үлгерген. Қанша жерден той, құдалық, көпшілік отбасылық шараларды өткізбеу жөнінде айтылса да кей жерлестеріміз жұрттың жан айқайына пысқырып та қарамайтын болып шықты. Ауданда құрылып жұмыс істеп жатырған 7 мобильдік топтың анықтаумыен31 іс басқармаға жолданға нболса соның ішінде 17 тұлғаға айыппұл салынған.

Қалған істер бойынші тиісті шаралар қабылдану үстінде.

Аталған індет талай шаңырақты қиындыққа душар еткені белгілі. Солардың қатарында мемлекеттік қызмет саласының ардагері Мерует Нұғманова да бар. Біз апаймен тілдескенімізде өз жерлестеріне төмендегідей аманатын жеткізді. Иә, ғаламды шарпыған мынау індет талайдың жанын ауыртып, көңілін күйзелтіп-ақ жүр. Оның сыры айтпаса да түсінікті. Мұндай қиындыққа өз басым душар боламын деп еш ойламаппын. Алайда бір жазда, бір уақытта өзім ауырдым, аяулы анам осы індеттің салдарынан бақилыққа болса жалғыз бауырымның зайыбы, келінім де ауырып тұрды. Қиын-ақ. Амал нешік тағдыр ісіне көнбеске шара жоқ. Тірі адам тіршілігін жасайды ғой. Менің ендігі айтпағым қадірлі жерлестер мұндай жағдайға ұрынбаудың бірден бір жолы сақтық шараларын қатаң сақтау. Өйткен сақтық амандық кепілі. Той – топырды, түрлі деңгейдегі басқосуларды шектеу қажет. Тойға барып ауырғаннан көрі үйде отырып сақтанған дұрыс.

Екіншіден елімізде екпе егу қолға алынды. Бірқатар азаматтар екпе алғанымен кейбір азаматтар арасында сенімсіздік пен енжарлық басым. Өмірде ештеңе мәңгілік емес деген қарапайым тәмсіл бар ғой. Сол секілді бұл індетте мәңгіік болмай бір уақытта өз сабасына түсер. Оған ең алдымен адам баласының өзі себепкер болуы қажет. Сонда ғана өткен өмірдегі жайма-шуақ, көңілді шақтарға қайтып оралатынымызға сенемін. Ауырмайық, тағы да айтамын ол үшін сақтанайық,-дейді мемлекеттік қызмет саласының ардагері, білікті есепші Мерует Базарбайқызы. Ұғынар сана болса әңгіме жеріне жеткізіле айтылып отыр. Ендігі шешімді өзіміз қабылдайық. Сақтанайық, жақынымызды сақтауға өзіміз бастамашы болайық ағайын.

С.КӨШЕКОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521