Индерде иесіз мал қамала бастады

Бүгінгі таңда кент әкімінің мамандары мен жауапты учаскелік инспекторлары бірлесе отырып, көше кезіп жөнсіз жосыған малдарды «Жасұлан» базары артындағы қораға қамай бастады.

 

Екі апта көлемінде 12 ірі қара қамалып, иелеріне қатаң ескертулер берілген. Кент әкімі аппаратының бас маманы Ералы Сыралиев:

– Қаңғыған ірі қараларды қораға қамаудамыз. Мал иелеріне ескерту жасап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес хаттама толтырылады. Алдағы уақытта осындай қараусыз жүрген жануарларды ұстау жалғасын таба береді, – дейді.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521