ГАУХАР ТОЙ ИЕЛЕРІ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Отбасы құндылығын сақтау арқылы өскелең ұрпақтың отаншыл болып өсуіне жол ашылмақ. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, көп жылдық өмірлік тәжірибесі бар өнегелі отбасыларды кейінгі ұрпаққа үлгі ету, отбасы институтын нығайту мақсатында мақсатында Атырау облысы әкімдігінде  «Гауһар той», «Алтын той», «Күміс той» иелері және жас отбасылармен кездесу өткізілді.  Аталмыш кездесуге ауданымыздан отау құрғандарына 60 жыл яғни «Гаухар тойға» ұласқан жарсуаттық Тыныштық Азанов пен Жұмазия Лұқпанованың жанұясы қатынасты.

Арнайы ұйымдастырылған қабылдауда облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов   іргесі берік қаланған, перзенттеріне тәлім-тәрбие берудегі жаня шаттығына бөленіп отырған той иелеріне  облыс әкімі Серік Шапкеновтың  құттықтау хатын табыстады.

-Сіздерді өмір жолындағы асыл белес-Гаухар тойларыңызбен яғни отасқандарыңызға 60 жыл толумен шын жүректен құттықтаймын!

Алпыс жыл бойы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріңізге тіреу,, ұрпақа ақыл, қоғамға үлгі болып жүргеніңіз-шынайы сыйластықтық пен мәңгілік махаббаттың шынайы көрініс.

Гаухар тойларыңыз құтты болсын!,-делінген арнайы құттықтауда.

Өздеріне көрсетілген құрметке риза болған той иелері ел болашағының баянды болуын тіледі.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT