Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Beeline Қазақстан және Starlink компаниялары Direct to Cell технологиясын енгізу жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Бұл жоба елдің ең шалғай аймақтарында да, жерүсті желілері жоқ жерлерде тұрақты спутниктік байланыс орнатуға мүмкіндік береді және цифрлық теңдікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ.

