Жолдауда шағын және орта бизнеске қатысты маңызды мәселелердің көтерілуі – ел экономикасын дамытудың басты тетігі.

Мен, жеке кәсіпкер ретінде, Мемлекет басшысының жолдауында айтылған бастамаларды зор қолдаумен қабылдаймын. Жолдауда шағын және орта бизнеске қатысты маңызды мәселелердің көтерілуі – ел экономикасын дамытудың басты тетігі. Әсіресе, салық жүктемесін жеңілдету, цифрландыруды күшейту, кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды арттыру – біздің жұмысымызды дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, бюрократиялық кедергілерді азайту және қолжетімді несие бағдарламалары бизнестің өркендеуіне жол ашады. Кәсіпкерлікті қолдау – жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтың табысын арттыруға және еліміздің экономикалық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді.

Президенттің экономикалық реформаларға бағытталған нақты міндеттерді белгілеуі бізге үлкен сенім береді. Болашақта еліміздегі кәсіпкерлік саласының қарқынды дамуына үміт артамыз және осы шешімдерді жүзеге асыруға біз де өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

Айнур Насипуллина

Жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT