Президент жолдауында ұстаздарды қолдауға бағытталған бастамаларды қуанышпен қабылдаймын. Білім беру саласын дамыту – ел болашағының негізі. Мұғалімдердің мәртебесін арттыру, еңбекақыны кезең-кезеңімен өсіру, кәсіби дамуға жағдай жасау біздің қоғам үшін өте маңызды.
Сондай-ақ, артық есептілікті азайту, педагогтерге тиісті әлеуметтік қолдау көрсету – оқу процесінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ұстазға сенім артылса, ол өз мамандығына ынтамен қарап, білімді, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелей алады.
Президенттің білім саласына жіті назар аударуы бізге үлкен мотивация береді. Алдағы уақытта мұғалімдер үшін жасалып жатқан қолдау шаралары жалғаса беретініне сенеміз. Біз өз кезегімізде еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпаққа сапалы білім беруге бар күшімізді салуға дайынбыз.
Аманжолова Маргарита
мұғалім

