Индерде бір аптада жол-көлік оқиғасынан 4 адам көз жұмды

 

Соңғы бір апта ішінде Индер кентінде екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өкінішке орай, 4 адам қаза тапты. Соның ішінде, маркасы Lada Priora автокөлігі 3 жасар баланы қағып, салдарынан бала ауруханада көз жұмды.

Осыған байланысты, жол қозғалысы ережелерін сақтау, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасындағы тәртіпті күшейту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында Атырау облысы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Осы ретте, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты азайтып, абай болыңыздар. Жас балалар жүрген аумақта аса мұқият болыңыздар. 
Жол қозғалысының әрбір қатысуышысынан жол ережелерін қатаң сақтап, өзіңіздің және өзгелердің өміріне немқұрайлы қарамауларын сұраймыз!

Атырау облыстық полиция департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT