Индерборда жаңа мейрамхана ашылды

Бүгін Индербор кентінің орталығынан «ERNUR» мейрамханасы ашылды.

Кәсіпкерлік нысанның салтанатты ашылуында Индербор кентінің әкімі Асхат Аймұратов құттықтап, мейрамхана иесінің ағасы Думан Меңдешовпен бірге алқызыл лентаны қиды.

Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағытжан Сахиповтан білгеніміздей, мейрамхана иесі «Индер АКО» несие серіктестігі арқылы «АгроБизнес»-2020 мемлекеттік бағдарламасы арқылы 18 млн теңге жеңілдікпен несие алып, аталған жобаны іске асырған.

Екі қабатты 120 орындық мейрамхана 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар мейрамхананың төменгі қабатында дәріхана орналасқан.

Мейрамхана иесі Ерлан Меңдешов...

Толығырақ «Dender» газетінен оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21