Индер ауданында ТЖ режимін бұзғандар анықталды

15.03.2020 жылы Президент Жарлығымен елімізде төтенше жағдай жарияланып, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс аумағында қосымша шектеу шаралары белгіленді.

Жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесімен, 31.03.2020 жылы Индербор кентіндегі Махамбет көшесі және Индер-Атырау тас жолы бойында орналасқан автокөлік жуу орталықтары қызметін жүзеге асырып отырған 2 кәсіпкер анықталды.

Индер аудандық сотының қаулысымен соңғылары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-тармақшасында (Төтенше жағдай режимін бұзу) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 26 510 теңге (10 АЕК) айыппұл салынды.

Осыған байланысты аудан тұрғындарын төтенше жағдай кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз.

Индер ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз