Индер ауданында 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін Индер ауданы халқы үшін ерекше қуанышты күн болды. Кенттің Көктем мөлтек ауданында бой көтерген 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді.

Салтанатты рәсімге облыс басшысы Мұхамбетқали Досмұхамбетов арнайы келді.

- Индер ауданында құрылыс жұмысы ерекше дамып келеді. Қазіргі кезде бұл ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 7 тұрғын үй салынуда. Бұл – 432 отбасы баспаналы болады деген сөз. Бүгін соның 80 пәтерін табыстаймыз. Бұл сіздер үшін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған ерен тарту болмақ. Бүгінгі ерекше қуаныш жаңа баспаналарыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңызға құт қонып, баянды бақ орнасын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, әрбәр азамат осындай игілікке кенеле берсін! – деп құттықтаған ол пәтер иелеріне кілт табыс етті.

80-pater

Сонымен қатар облыс әкімі ауданды көркейту мақсатына мемлекеттік бағдарлама бойынша әлі де бірнеше нысанның салынатындығын тілге тиек етті. Ал пәтер алып, көптеген ойлаған армандары жүзеге асып, сарыла осы күнді күткен пәтер иелері де ақ алғыстарын жаудырып жатты. Соның ішінде бір шаңырақтың астында ата- енесімен бірге тұрған үш келіннің бірі, көп балалы ана Лариса Хайрошева сөз алып:

- Біз бұл күнді ұзақ күттік. Осындай балаларымызға жарқын болашақ сыйлаған облыс әкіміне, ұжымына ұйымдастырушы үлкен алғыс айтамын. Бізге жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге мың еселеп қайтсын, - деп ризашылығын білдірді.

kilt

Солай жаңа үйдің табалдырығынан ақжаулықты аналар шашу шашып, баршасы оң аяқпен аттап кірді.

Мамандардың айтуынша, бұл үйлер жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар" санатындағы 16 адамға, "Көп балалы отбасылар" санатындағы 40 отбасыға, "Осал топ" санаты бойынша алдыңғы 24 адамға беріліп отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда барлығы 1459 адам тұрғын үй кезегіне мұқтаждар ретінде тіркеуде тұр. 

 

otbasy

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521