Индер ауданынан инклюзивті қолдау кабинеті ашылды

«Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі осы кезге дейін Атырау қаласындағы психикалық және сөйлеу қабілеті тежелген, аутизмі бар, қатарынан қалыс қалған балалардың қалыпты балалармен білім алуына жағдай жасау мақсатында еңбек етуде.

Осы кезге дейін Атырау қаласынан бірнеше мектептерден инклюзивті қолдау кабинеттерін ашқан қоғамдық бірлестік биыл алғаш рет Индер ауданындағы Көктем қазақ орта мектебінен дәл осындай кабинет ашты. Оны жасақтауға қоғамдық бірлестікке танымал кәсіпкер, қоғам белсендісі Нұржан Мақсотұлы және «Атырау Бернс» қоғамдық қорының жетекшісі Греам Калдер демеушілік танытты.

inklyuziyaya

Кабинетте балаларды арнайы педагог-психолог мамандары сүйемелдеп, АВА әдісі бойынша дамытады. Мектеп табалдырығын аттаған ерекше қажеттілігі бар балалар тьютердің сүйемелдеуімен жеке АВА әдісі бойынша дамытылып, сыныптастарымен теңдей дәрежеде білім алады.

tyutolar

Инклюзивті қолдау сыныбының ашылу салтанатына демеушілер мен Атырау облыстық білім беру басқармасы, аудан әкімдігі, аудандық білім беру бөлімі өкілдері қатысты. Олар ерекше балаларға жасаған жағдайға оң бағасын беріп, балаларға зейіндерің ашылсын деген тілектерін жаудырды.

Сөз алған аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов:

-Ерекше балалар мемлекеттің ұдайы қамқорлығында. «Нұр Отан» партиясының да «Кедергісіз келешек» жобасы осындай тең құқылы жалпы білім беретін мектептерде балалармен бірдей деңгейде оқыту айрықша маңызға ие. Аудан әкімінің атынан, алғаш боп Индер ауданын таңдағандарыңызға, осы жердің балаларына қамқорлық танытқандарыңызға сіздерге және демеушілеріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта бірлескен жұмыстың нәтижесі болады, - деп сенім білдірді.

tyutor

«Мұндай балаларды қоғамға қосу, әлеуметтік ортаға бейімдеу – бүгінгі күннің басты талабы. Біздің қоғамдық бірлестік алдағы уақытта басқа аудандардан дәл осындай инклюзивті қолдау сыныптарын ашуды жоспарлап отыр», - деді қоғамдық бірлестік төрайымы Арайлым Бағытжанқызы.

А. Тұрғалиұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521