Грант алып, кәсібін кеңейтті

Елімізде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бастамалардың бірі - «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Дулатбай Сариевтің айтуынша, аталған бағдарламада бұрын-соңды жергілікті жерлерде жүзеге асырылмаған жобаларға қаржылай гранттар бөлінуде.

Оған қол жеткізгендердің бірі, жергілікті жас кәсіпкер Серік Ерболатов инновациялық жобалар негізінде мемлекеттен қайтарымсыз 2 млн теңге грант алып, таяуда аудан орталығындағы «Ақсай» қонақ үйінің аумағынан жаңадан кір жуу цехын ашты.

- Кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет бөлген бұл қаражатқа кәсіпкер шағын және үлкен кір жуу аппаратын, жуылған заттарды өтектеу құрылғыларын сатып алып, іске кірісті. Кәсіпкер қосымша екі адамды жұмысқа алып отыр, - деді бөлім басшысы Д.Сариев.

fb_img_1620718549352

Жеке кәсіпкер Серік Ерболатовтың айтуынша, қонақ үй қызметінде бұрыннан төсек-орындарды жуу қызметі атқарылады. Енді мектептер мен бөбекжайлардан, жеке тұрғындардан тапсырыс қабылдап, кір жуу көлемін ұлғайтпақ.

-Алдағы уақытта кәсібімізді ұлғайтып, киімдерді химиялық тазарту цехын ашуды жоспарлап отырмыз, - деді жеке кәсіпкер.

Ендеше, кәсіпкердің тың бастамасына сәттілік тілейміз.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз