ЕСКІ ҮЙ ЕНДІ ҚАШАН ЖӨНДЕЛЕДІ?

Елтай ауылы маңындағы иесіз қоқыстарды тазарту бойынша көктемгі тазалық айлығы кезінде 4 сенбілік ұйымдастырылып, 25 тонна қоқыс шығарылған.

Дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтіп, жөндеуге қажетті 72 млн.664 мың теңге қаражатқа сұраныс облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданыпты. Қаржыны 2023 жылға бөлу жоспарланып отыр. «Қызғалдақ» бөбекжайын күрделі жөндеуден өткізу бойынша ағымдағы жылдың соңында аудандық білім бөлімі арқылы облыстық білім беру басқармасына қаржыға сұранысы берілгенмен әзірге қаржы бөлінбеген. Жалпы соңғы рет аталған балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізіліпті. Сондай-ақ жоспарланған дене шынықтыру кешені құрылысы үшін жобалық сметалық құжатын жасақтауға 2023 жылға қаржы сұратылатын болса, орталықтағы каналды тазарту жұмыстары ағымдағы жылғы көктемгі тазалық айлығы кезіндегі сенбілікте ұйымдастырылмақшы. Балалар ойын алаңын қайта жаңғыртудан өткізуге сметалық құжаттамасын жасақтауға қажетті 1 млн. 700 мың теңгеге сұраныс берілген. Ауылдағы М.Шарипов көшесінде тоқ қуаты жаз кездерінде өте төмен болатындықтан қазіргі уақытта «Данас и К» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан-2 мөлтек ауданына көше жарық шамдарын орнату үшін сметалық құжаттамасы жасақтауға қажетті қаржының есебі шығарылып, бюджеттік өтінімі ұсынылған. Алайда бүгінге қаржы көзі шешілмей тұрған көрінеді. М.Сиранов орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін техникалық негіздеме жасақтауға аудандық білім бөлімі арқылы облыстық білім беру басқармасына қаржыға сұраныс берілген.

Жалпы соңғы рет аталған мектепке күрделі жөндеу жұмыстары 2014 жылы жүргізілген болатын. Елтай - Атырау бағытына жолаушылар тасымалдайтын маршрут ұйымдастыру бойынша Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Елтай, Есбол, Өрлік, Көктоғай ауылдарынан Атырау қаласына жолаушылар тасымалдайтын маршрут ұйымдастыру бойынша ұсыныс берілгенмен күні бүгінге дейін шешімін таппай тұр.

whatsapp-image-2022-11-04-at-11_29_53

Сондай - ақ , ауыл орталығындағы шағын көпірді жарықтандыру жұмыстары «Өңірлерді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына» енгізіліп, жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Міне, аудан әкімі Д.Шамұратов ауыл тұрғындарымен кездесуінде осы мәселелерге тоқталып өтті. Онан соң сұрақ-жауапқа кезек беріліп, алдымен мәдениет саласының ардагері К.Масаева және өзге де тұрғындар тозығы жетіп, жөндеуді қажет ететін екі қабатты тұрғын үй мәселесін көтерді. Парламент депутаттарына дейін жеткен бұл адам тұрғысыз баспана жайы жыр болғалы біраз болды. Өкінішке орай, әлі күнге нақты шешімі табылмай келеді. Сондай-ақ С.Кенжеғалиев үйі тұсындағы жарық желісі бағанасы қауіпті жағдайда екенін, Ж.Шманғалиев жауынды күндері суға кететіндіктен оның амалын қарастыруды, көп балалы ана Г.Махмедова көшеде жарық жоқтығын, көлік жүргізушілер қатты жүріп қауіп келтіретінін, Т.Серікқалиев Тайманов көшесінің бағаналары құлайын деп тұрғанын жеткізді. Сонымен қатар Э.Құлбарақ спорт кешені мен Сиранов көшесі жарығының әлсіздігін, С.Кәрім Махамбет көшесі жарығын, мәдениет қызметкері С.Қабдолов мәдениет үйі мәселесін көтерді. Ал еңбек ардагері Т. Темірболатов егер толық тұқым сеппейтін болса, егін егуге жерді шақтап беруді, мамандардан жауапкершілік сұрау жайын айтып, жалпы жасалып жатқан істерге оң бағасын берді.

Қойылған сауалдарға орай аудан басшысы жауап беріп, негізгі мәселелер қаперде болатынын, халықтың әл-аухатын жақсарту үшін жұмыстана беретінін айтып жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521