Еріктілер кеңесі аясында ауқымды шаралар атқарылды

 

Еріктілер кеңесі – мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етеді.

Осы тұста, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы құрылып, 2023 жылдан бастап 815 іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, өңірімізде орналасқан ескерткіштердің келбетін түзету, орнатылған аумағын тазалау мақсатында Атырау облысының орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілері Департаментпен бірлесе отырып, «Asyl Mura» атты Еріктілер кеңесінің жобасы жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қарттар үйлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жалғызбасты қарт адамдарға, көпбалалы аналарға, әлеуметтік осал топ санатының отбасыларына, қоршаған ортаны сақтауға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған «Taza alem»,  «Мейірімді дос»,  «Qamqor» жобаларды және өзге де ерікті қызметтерді жүзеге асырып келеді.

Бұдан бөлек, Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына орай, ерікті мемлекеттік қызметшілермен бөгет жасауға және көптеген қайырымдылық көмектер көрсетілгенін (азық-түлікпен, тегін такси және зардап шеккен отбасыларды тұрғынжаймен қамтамасыз ету және т.б.) атап өткен жөн.

 

Департаменттің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521