«Елім үшін дауыс бердім»

Қасиетті Дендер өңірінде кезекті сайлауға деген ерекше құлшыныс байқалады.

Ауданда 18 сайлау учаскесі болса, соның бірі «Көктем» орта мектебінде орналасқан №114 сайлау учаскесінде жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гүлзада Құсайынова сайлауды ашық деп жариялаған соң, сайлау комиссиясының мүшелерімен және тәртібімен толық таныстырды. Індетке байланысты барлық санитарлық шаралары мұқият қолға алынды.

img-20210110-wa0024

Алғаш болып «Көктем» мөлтек ауданының тұрғыны Гүлжайна Мұхимова өзінің дауысын берді.

- Бүгін ертемен келіп өз таңдауымды жасадым. Қай партия жеңіске жетсе де елімізді дамытуға үлесін қосқанын тілеймін, - деді ол.

img-20210110-wa0025

Сондай-ақ алғашқылардың бірі болып, өз таңдауын жасаған Мүстахима Ташимова да әдеттегідей сайлауға арнайы ертемен келгенін атап өтті.

- Қуаныштысы қазір Индербор кентімізде жақсы көркейіп келеді. Өзім тұратын «Көктем» мөлтек ауданының самаладай жарқырап тұрған көшесімен үйден апамыз екеуміз емін-еркін келіп дауысымызды бердік. Алдағы уақытта елімізде де кентімізді де көркейе бергенін қалаймын, - деді ол.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521