Ел болашағы маңызды

Сурет автордікі

 Қантар оқиғасы ең алдымен әр қазақстандықты ойландырып, елдің болашағы үшін жауапкершілік сезімін оятты. Қаншама шаңырақ асыл жандарынан айырылып, аңырап калды. Экономикалық қаншама шығынға ұшырадық.

Қысқасы бұдан ұткан ешкім жоқ. Тек зор адами, материалдық, моральдық шығынға ұшырады. Оның нақты есебі мен әкелген ауыртпалықтарын кешегі парламенттегі тыңдауда анық ашып берді деп айту қиын. Оған үлкен де тиянақты тергеу, тексеру, терең зерделеу кажет.

Дегенмен де алдын ала жауапты тұлғаларды анықтау, шығынды өтеу, айыбы жоқтарды босату сияқты жұмыстардың алғашқы нәтижелері белгілі болуы үміттендіреді. Тек ашықтық жағы әлі кемшін. Оны бәз біреулер өз мақсатына пайдаланып, өздерін батыр санауы, сондай қауесет таратуға қолдана бастауы да түрлі ойға жетелейді. Неде болса қаңтар халық пен билік арасындағы байланыстың нашарлығын, тиісті атқарушы жане күштік тұлғалардың олардың алдында беделі төмендігін айқындап берді. Сондықтан да президент осы бағытта қарымды шараларды қолға алып, бәрімізді осы бағытқа жұмылдыруда.

Біз, халық, оған қолдау білдіріп, сыртқа кеткен мол байлықты қайтаруға,елде әділеттілік орнатуға үлес қосқанынымыз жөн болмақ.

Сүйеу Халықов,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521