ДӘУЛЕТ ТЕ ИМАНДЫ ЖЕРГЕ ҰЯ САЛАДЫ

Ырымшыл халықпыз ғой жаңа қазақстан дегеннен бір сәуле күтетін. соған сай тәңір өзі халықтың тілеуін беріп, боз далаға барсаң қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтындай. Мезгіл-мезгіл жауған жауын жерге ырыс болып төгіліп, өсімдіктерге дейін гүл атып, табиғаты тоқтық күйін шертіп тұр. Биыл мал азығы туралы әңгіме бола қоймас, сірә деп ойлайсың. жақында қыр жаққа жасаған сапарымызда осындай ой түйіп қайтқанбыз.

ҚАЗ ҚОНЫП, ШОРТАН ШОРШИДЫ

Біздің «Көккөжекте» жүріске әбден үйреніп алғандай Индербордан шыға бере, сонау Шолантаудың перзенті Мусағали зиратының сол қапталымен Маматай көпірінен әрі өтіп, батысты бетке ала желдей есіп келеміз. Тізгіндегі Мақсатта күре жол, жайдақ жолдарға алма-кезек ауысып, жолсапарға әбден машықтанып қалыпты.

Иә, әңгімеге арқау көп. Ол әрине жусан иісі мұрныңды жарып, жолға шыққан жолаушысына «Қош келдің» де гендей кербез даланың биылғы керемет күйі. Жыл сайын сапарға шыққанда төрт түліктің шұбырындысы тері сүйреткендей етіп, әрі тілсіз жау өрттің кесірінен күйік шалған науқас даланың кейпіне жаның ашып, ұнжырғамыз түсіп қайтатын. Қазір бәрі өзгеше. Бастауы Батыс Қазақстан об лысы жерінен басталатын Бағырлай ка налы да биыл суға толы. Өсімдіктің ата уын иеленген бұл сайда көнекөздердің ай туы бойынша Жайықтың арғы дәуірдегі ізі болған. Өзен тасыған уақытта Бағырлайда көтеріліп, сай-сайды қуалап, теңізге құйылады екен. Қазір арнайы насостар арқылы сақтап отыр.

Дегенмен үйрек, тырна, аққу, қаз қонақтап, балапандарын өргізсе, бұл жыл құстары келер жылы қайта келіп, құтты мекендеріне айналдырыпты. Сондай-ақ жергілікті жұрт там-тұмдап шортан, аққайраң, алабұға, карас, сынды балығын аулап талғажу етеді. Әрине, балық ондай көп те емес екені белгілі. Бір қызығы Жайық өзені тасымағалы қай заман, мұнда балық қайдан жүр десеңіз каналдарға су айдағанда балық шашқан уылдырық насос құбыры арқылы өтіп кетеді екен. Жалпы биылғы жаңбырдың көптігі каналдардың толығып тұруына жақсы мүмкіндік туғызып отыр. Осы маңдағы шаруа қожалықтары малын бағып, егінін егіп, тіршілік қамын жасауда.

Су басында тұрған жылқы да есеп жоқ. Бұған қарап, халықтың тұрмыстық жағдайын аңғаруға болады. Осы жылқылардың иесі болғанмен су шаруашылығына ақы төлеуге келгенде көбінің жалтарып кететіні бар. Тіпті биебауға бие байлап, қымызын халыққа ұсынса, кім-кімге де пайдалы екені сөзсіз. Бірен-саран азаматтар болмаса, көпшілігінің ондай қарекет етуге желкесі жар бермесе керек. Тіпті үйір жылқысы көптер алдымен сөйлеп, төрге солар отыратын надан әдеттің ұшқыны бары байқалатынын қайтерсің.

БАЯҒЫНЫҢ БӘРІ АҢЫЗ

Біздің сол жағымызда қалып бара жатқан Бағырлай жағасындағы қыстақ бұрындары Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жолдыбай Қарабалиннің қонысы болатын. Одан әрі жиектегі бірнеше қыстау орналасқан Қызыл төбеде Ленин орденді Сәлімгерей Саптаяқов, екі рет «Еңбек Қызыл Ту» орденін иеленген Бақыш Кенжәлин және осы атақтың бір мәрте иегері Бақыт Кенжәлин қыстап, заманында өнікті еңбектің үлгісін көрсеткен.

Ал бір кездері ферма орталығы болып, дүкен, кітапханаға дейін орналасқан Қостанды құм жұтқалы қашан. Бала кезімізде әке шешеміз мал бағып отырды. Сонда марқұм соғыс ардагері Шайдолла қарт дүкенді ашқанда шешемізге ілесе барып, үш түсті қаламсапты көріп қызығатынбыз. Ал Айдарбек құрдас Оразмұқанбетов екеуміз кітапхананың төбесіне шығып, көгершін аулап асырайтынбыз. Сонада йдан қалып бара жатқан Қостан есімізге түскенде, осы бір кіршіксіз балалық кез көз алдымыздан көрген түстей өтіп жатты. Әрі қозғалғанда Төсқұдықта Ле нин орденді Серік Досмағанбетовтің аты жер жарып тұратын.

Айта берсе, «Кедей шаруасы» артелі,«Степан Разин», «Соци ализм», ірілендірілген «Ленин» колхозда рымен одан кейін «Аманкелді» атындағы қой совхозында еңбек еткен барша шопандардың даңқты жолдары сайрап жатыр бұл далада. Оның бәрін тізе беру де мүмкін емес, әрине. Иә, баяғының бәрі аңыз деп тоқтайсың қазір.

ӨСІМДІК ҚОРҒАУДЫ ЕСІМІЗДЕН ШЫҒАРЫППЫЗ

Ылғалдың көптігінен құм кәдімгідей отырып, жантақ тәрізді тамыры терең өсімдік қаулап өскен. Ауруға мың да бір ем мұны оңтүстік жақтағы ағайындар болмаса, біздің өңірде қадірін түсіне білмегендіктен түйенің ғана жеңсік асы. Қыста малға нағыз құнарлы азық. Жи ектен қаройға бойлай берген сайын шұрайлана түседі. Расында да биыл далаға кілем төселгендей құлпырып тұр. Жаңбырдан шөптің шықпауға амалы қалмағандай.

«Ебелек деген шөп екен» деген бұл - әсіресе жылқының сүйікті асы. Ал «Арқаның қызыл изені Басы күрдек,түбі арал, Қыдырып шалар ару ана» деп Махамбет жырлағандай біздің өңірге тұқымы арнайы себілген изен төрт түлікке түгел қорек екені өз алдына, бұған жайылған мал тез қоң жинайды. Маусым, шілде айларында жауынға шығатын сіңбірік те көтеріліпті. Жұпар иісі сонадайдан бұрқырап шыққанда мал да ес болмай кетеді.

Өте жұғымды өсімдік болғанмен қысқа өмір сүріп, екі-үш апта төңірегінде қурап кетеді. Содан келесі жылғы жауынмен ғана көрінеді. Бұдан басқа жусанның түрі, қырық буын, кәдімгі күбі шелекті ыстайтын құртқашаш, қыр жұрты сыпырғыш ретінде пайдаланатын бүргем мен құланқұйрық, көбіне ескі орында кездесетін адыраспан, ақселеу, алабота, еркек шөп, шағыр, сүттеген, қырық буын, шытыр, қоңырбас, қына сынды өсімдіктермен қатар гүлдейтін бақ-бақ тектес және біз атауын білмейтін өсімдіктер де кездеседі. Тіпті біздің қазақтың таппайтыны жоқ қой кәріқыз да балағыңа бір жармасса құтыла алмай әлек боласың. Өкінішке орай ашаршылықта ас болған қасиетті құмаршық пен қияқтың көзі жойылып бара жатыр. Оның себебін болжап көрсек бұрындары мамырда мал түгел жайлауға көшіп, қыстақ басындағы құмайтқа құмаршық, қияқ әмір шығатын. Қазір жаппай отырықшылыққа айналған соң, бұл өсімдіктерді балауса кезінен мал жеп құртады.

Екіншіден, қияқтың сүйрігі (тамыры) секер татитындықтан жылқының нағыз сүйікті асы. Сондықтан да жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғау шарала рын қолға алатын уақыт жеткен тәрізді. Ал аудандық инспекция зиянкестерден қорғаумен ғана айналысады екен. Оның үстіне өсімдіктерді қорғау жөніндегі ма ман қысқарып кетіпті. Сонымен Қызыл төбедегі Ерболат Кенжәлиннің ауылына соғып, әрі асқанда көп кешікпей Қарсақбайға да келіп жеттік. Осы Қарсақбай масқар руының батыры дегенді оралдық өлкетанушы Әленғали Кереев ағамыздан естігенбіз.

Қазір мұнда Айтқали Жәлиев деген ағамыз биебауға бие байлап, сары қымыз сапырып отыр. Біз барғанда құдық басындағы жылқыны суарып, сауын биелерді жұбайы Роза екеуі желіге айдап келе жатыр екен. Қораға кіргізген соң: «Орынға, орынға», деп еді құлындары бөлініп, бөлек аулаға кіріп жа тыр. Қандай үйлесімді.-2012 жылдан бері "Алтын ана" шаруа қожалығын құрып, осы кәсіппен айна лысамыз. Қазір екі мезгіл сауып отыр мыз. Еңбек етем дегенге күнелтуге бо лады. Жағдайымыз жақсы. Келін ба ламыз Нұрлан мен Айнаш Индербор жағындағы тас жолдың бойында бие сауып, нәпақаларын айырады. Біздер қосымша қымыз жіберіп отырамыз,- дейді.

Шынында да ауыл жұрты қазір Айтқалидың қымызын аңсап отырады екен. Баяғыдай емес күн сәулесі арқылы қуат алып, телевизор көрулі, мұздатқышы қосулы. Биылғы табиғатқа өкпе жоқ. Енді мал азығын дайындауға кірісуде. Жалпы Айтекеңнің әкесі Қарақойшы мен Бірлік апай да ғұмыры мал бағумен өтіп, со дан абырой тапты. Бүгінде ұрпақтары Айтқали, Сұлтанғали, Нұрғали, Ерғалилар өз алдына мал бағып, атакәсіпті жалғап келеді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық даналығын жанына серік еткен азаматтар осылайша қыр төсінде лайықты өмір кешуде.

ҚАЛБАЙДА ҚАЙЫРЖАН ДЕГЕН ЖОМАРТ БАР

Жылдағыдай құм езіліп жатқан жоқ. Сондықтан «Көккөжегімізде» көп қиналмай келесі шопанның ауылына қарай жолға шықтық. Жол-жөнекей адасып кетпес үшін бағытымызды Айтқали ағамыздан нақтылап сұрап алғанбыз. Жайдақ жол бізге қолайлы. Мал біткен жылтырап семіріпті. Құстар да қуаныштың әнін салғандай сәл да мыл тапсаң, Абай айтқан әсем әуен құлақтан кіріп бойды алады. Тұла бойды ерекше сезім билейді. Оның үстіне торғайларда «Жолдарың болсын!» де гендей көлігімізбен жарыса-жарыса қалып жатса, қоңырлықтағы қалыңдықтан қырдың қоңыр қояны қашты. Бұл жолы қорқу емес, «мына дала біздің еншімізде» дегендей еркіндік пен мақтаныш бар.

Енді қарасақ сонадайдан ұясының жа нында саршұнақ сақылдап, қол бұлғап тұр. Әй, шіркін-ай. Иә, табиғатпен тілдесе, түсіне білгенге мұның бәрі ғажап қой. Осындай таң-тамаша күй келе жатқанымызды жүргізуші Мақсаттың: -Ана үй емес пе екен,-деген сөзі бөліп жіберді. Сөйтіп Қалыбайдың топырағына табанымызды тигіздік. Мұнда Қайыржан Адировтың "Әлихан" шаруа қожалығы орналасқан. Біз барсақ жұбайы Нәсіп апа екеуі қойды шөлкеп тастап келіп жатқан жайы екен. Аңқылдап алдымыздан шығып амандасуда. Қайрекең бұрын «Аманкелді» атындағы совхозда жүргізуші, тракторшы болып абыройлы еңбек етті. Кейін заман талабына сай шаруа қожалығын құрып, қазір осы өңірдің белді малшыларының біріне айналды. Несібесін адал еңбекпен

АЙТҚАЛИДЫҢ ҚЫМЫЗЫН АУЫЛ АҢСАП ОТЫРАДЫ

тапқан Нәсіп апайда құдай берген ақжарқын адам. «Төрлетіңдер» деп қонақ көрпелерін төсеп үлгеріпті. Әп сәтте да стархан қырдың өнімдеріне тола кетті. Күнде келмейтініміз белгілі болған соң күрең шайға қанып, Қайрекеңмен өткен кеткенді айтып, біраз әңгіме-дүкен құрдық. -Өткенге өкпем жоқ. Осы өміріме ри замын. Қазір қатынас жақсы. Ауылға жиі қатынап тұрамын. Балаларым өсті. Өз жолдары бар,- дейді. Біз Қайрекеңнің қанағатшылдығына, қайырымдылығына риза болдық. «Барым осы» деген базарлығына көңіл қойдық.

Сәл мал бітсе, танауы бірге көтеріліп, «ананың жерін тартып алсам ба» деп кеудесінде нан пісетін сасық байлардың маңынан да көрмейсің. Дала да осындай адамдар тұру керек қой деп ойлайсың. Иә, ондай жақсы жандар біздің далада да көп қой. Айтпақшы, Қайрекеңнің үйінің алды тура Иран бағындай. Өздері екпеген. Даланың жомарт жандарға сыйлағаны болу керек. Бақтарыңыз жана берсін деген тілекпен сол бақ жанына Нәсіп апамыз екеуін сарт еткізіп суретке түсіріп алдық.

КӨРІСКЕНШЕ КҮН ЖАҚСЫ...

       Әзірге биылғы қырға жорығымызда байқағанымыз осы болды. Санаулы үйге ат басын тірегеніміздің өзінен біраз жайды ұққандаймыз. Әрине әр үйдің мәселесі де бар. Біреулер қырдан жер ала алмай жолы болмай жүргенін байқаймыз. Шабындық жоқ, жайылым тар, су тапшы дегенді де естиміз. Ең бастысы пейілі кең адамға еш нәрсе тарлық етпесі кәміл. Дәулет те иманды жерге ұя салады деген ғой.

Ж.АМАНТУРЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521