Дәрігерлермен жүздесті

«Nur Otan» партиясының облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер құрамында «Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы», аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұқанов, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Абдулла Идресов, «АВ Меdical» ЖШС директоры Айбек Габдуллин бар арнайы топ Индер аудандық мәдениет үйінде аудан дәрігерлерімен кездесті.

Кездесуде «АВ Меdical» ЖШС директоры Айбек Габдуллин партияның басты ұстанымы халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сүру сапасын одан әрі жақсарту екенін ерекше атап өтті. Биылғы пандемия кезінде ең алдымен ауыртпалық осы дәрігерлерге түсті. Сын сағатта саулығы сыр берген ағайынның қасынан табылып, қолдан келгенше ем-домын жасап қатарға қосты. Көпшіліктің ең алдымен айтар алғысы осы дәрігерлер қауымына арналады. Себебі уақытпен санаспай, күн-түн демей еселі еңбек еткен оларға қоғам ерекше құрметпен қарайтыны анық. Жас маман-дәрігер Айгерім Рахметова өзінің сөзінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің аз емес екенін, өзіне артылған жауапкершілікті терең сезінетінін айрықша атап өтті.

-Биылғы жыл дәрігерлер үшін сын сағатқа толы болды. Тосыннан келген індет елдің жағдайын ауырлатты. Әр адамның тағдыры үшін дәрігерлер өз бастарын қатерге тікті. «Гиппократ антына» адал болуға тырысты. Әрине жүректі сыздатқан жағдайлар болды. Десек те көп адамның қатарға қосылып кетулеріне сүбелі үлес қосты. Сол кезде «Nur Otan» партиясы «Біз біргеміз» акциясы аясында халықтың ортасынан табылып, өз көмегін көрсетті. Мүмкіндікке қарай іскер азаматтарды ортақ жұмысқа жұмылдыра білді. Соның арқасында көптеген қиындықтар еңсерілді. Елдің еңсесі көтерілді, - деді ол.

kandtarrr

Ауданда мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа орналастыру жыл сайын артып келеді. Жалпы ауданда 14-29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы 8060 адамды құрайды. Ол аудан халқының 23% пара-пар. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі де ұдайы назарда болады. Жан-жақты қабылданған шаралардың нәтижесінде аудан жастарының жұмыссыздық деңгейін 2,4 пайыздан 1,7 пайызға төмендету жоспарланып отырғаны да айтылды.

nurotanpartiyasy

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясының Индер ауданық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Қарашина, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының Индер газ шаруашылығының директоры Сағидолла Құлғалиев та сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдіріп, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге баса назар аударып отырған партияға дауыс беруге шақырды.

С. ЕРСАЙЫНҰЛЫ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521