Covid-19: Индерде бір тәулікте 11 адам жұқтырды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 317 науқас анықталды.

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 176 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 41 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 25 жағдай, Индер ауданында - 11 науқас анықталған, Исатай ауданында - 25, Қызылқоға ауданында - 14, Құрманғазы ауданында - 11, Мақат ауданында - 17, Махамбет ауданында - 7 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 206 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 111 адамда ауру белгілері жоқ.  Өткен тәулікте облыста коронавирустан 553 адам емделді. Қазір 8 054 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 193, екінші облыстық ауруханада – 184 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 63, кардиоорталықта - 94, т/ж ауруханасында - 86 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 93, жатақханада - 78, аудандық инфекциялық стационарларда - 309. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 574 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз