"Биыл 125 рулон, 600 пресс және көлден бос шөп шауып алдық"

Жарық барында жүріп алмақ болып, Жарқабаққа көп аялдамадық. Тағы да жолсыз. Бұрын бұлай жүру мүмкін емес еді.

Қазір тұяқкесті болғандықтан тіке қатынай беретін болыпты. Сөйтіп келе жатқанымызда Абай шөпір абайламай қабақ баурайындағы ұйтқыма қарға кірді де кетті. Төрт дөңгелегі түгел айнала- тын керім көлігіміз тасбақадай жатты да қалды. Біз құдды бір Астанадан келе жатқан қонақтар сияқты қар аршымақ түгілі тіс шұқитын құрал жоқ. Сөйтіп телефон көмегіне жүгініп, өзіміз келе жатқан Маратұлы Әлібекті көмекке шақырдық. Бірер сағат кідіргенмен, бұл да бір сапардың сәні іспетті. Қыстақ басына келісімен «Хабардың» жігіттері түсірілім жұмысына кірісті. Жалпы 2004 жылы есболдық соғыс ардагері, ауданның абызы, марқұм Бает қарттың ұлы Марат "Дастан" ша- руа қожалығын ашады. Ежелден еңбекқор азаматтар шаруаның орайын тауып, қой мыңнан асады. Соның арқасында үй салып, төрт түлік түгел өседі. -Әкеміз бен анамыздың ақылшы болуымен отбасымызбен жұмылып, осы шаруашылықты әлі де дамытып келеміз.

Жоқ-жұқа адамдарға қолымыздан келгенше жақсылық жасап көмектесіп те тұрамыз. Өкіметке ауыз ашып, ешқандай субсидия алмадық. Алланың қалауы ғой бәрі,- дейді жанарынан ұшқын атқан, аласа бойлы, ақ сары, шымыр денелі Әлібек қаңтарда туған қозыларды жамыратып жатып. Мезгілсіз туған арамзаның бөлек бейнеті бар демесең жылы қора, төл күтімі болса бұл қазақша төлдетудің нақ өзі дейтінді естуші ек бұрынғылардан. Ерте есей- ген төл кәдеге жарап үлгереді. Шаруаның ыңғайына қарай дегеннен шығады ғой жаңағы бір отар қойдан азғантай жандық қана қалыпты. Оның себебі, жай- ылыс жоқ, қой бағатын кісі және тапшы. Алагөбеңнен іңірге дейін ешкім сылпып мал соңында жүргісі келмейді.

-Биыл 125 рулон, 600 пресс және көлден бос шөп шауып алдық. Субсидия қажет болғанмен оның қолға тиюі қиын тәрізді. Ұрлық көп. Бірде бір бесті бұқамызды атып алып кетті. Біреуі жараланып келген. Ит-құс тартты деп ойлап сойғанымызда оқтың пытырасы шықты,- деп Мерей де әңгімеге араласты.

Әйтеуір, Байғазы атаның батасы дарыған ағайынды жігіттер кәсібін дөңгелентіп отыр. Тіпті, қайырымдылыққа деп бір отбасына бұзаулы сиырды саууға беріпті. Құдай бергенге береді. Ал ата-аналары Марат пен Сара ауылда немерелерін оқытып, ша- руаны сырттай бақылап, бағдар беріп отырады. Айтпақшы біз барғанда Әлібектің отбасында кестетігер дүниеге келіп, әулетте қуаныш болып жатыр екен. Үйдің іші мұнтаздай таза. Ер азаматтар тамақ мәзірін дайындауды да кәдімгідей меңгеріп алған. Да- старханнан дәм татып, пештің қызуына жылынып, күрең шай, сары май, қазы-қартасы, әйтеуір қырдың дастарханы жайнап шыға келеді. Осылайша іңірге ілінбей жолға шығып, қайтар жолда Қара обадағы тазы иті бар "Ырыс" қожалығына амандаса қалаға бет ала бердік. Қыстың көзі қырауда бір күндік сапары- мызда шаруагердің жағдайын осылайша бағамдап қайттық. Ж.АМАНТУРЛИН,

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT