«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы: полицейлер ұялы телефон ұрлығының алдын алу бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде

21–23 қазан аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ олардың жолын кесу болып табылады.

Аталған іс-шара барысында Атырау облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, қала аумағындағы сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Тексеру жұмыстарының барысында ұрланған және қылмыстық жолмен табылған ұялы телефондарды анықтау және оларды тәркілеу жұмыстары жүргізілді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT