Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Әсет Самарханұлы Оразғалиев тағайындалды.

Әсет Оразғалиев Атырау облысы Индер ауданындағы Құлагер ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімді. 
 • 2003 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған;
 • 2008 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітірген.
Мамандығы – өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, төтенше жағдайлардағы қорғаныс.
Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Өртке қарсы қызмет органдарында және құрылыс саласындағы кәсіпорындарда қызмет еткен.
2009 жылдан бергі қызметі  облыстың жол саласымен байланысты. 
Атқарған қызметтері: 
 • бас маман;
 • автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
 • басқарма басшысының орынбасары;
 • Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;
 • “ҚазАвтоЖол” АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары.
Бұған дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT