Бүгін Жеңістің 80 жылдығына орай аудан орталығындағы спорт кешенінде баскетболдан аудандық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Ересектер арасында ұйымдастырылған бұл турнирдің өтуіне аудандық Ауған соғысы ардагерлері бастамашы болды.
Жарыстың салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин құттықтап, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
-Жеңіс мерекесіне орай ауданда бірқатар іс шаралар өтуде. Соның ішінде спорт дамытуда қосқан үлестері үшін аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесіне рахмет. Ауданда соңғы жылдары кіші аяқ доптан жарыстар жие ұйымдастырылып жүр. Осы орайда бүгінгідей баскетболды және басқа да спорт түрлерінен жарыстар жалғасын табатын болады, - деді ол.
- Ия ауданда баскетбол ойына кенжелеп қалып жүр екен. Сондықтан біз осы спорт түрінен сайыс өткізуді ұйғардық. Жеңістің мерейтойына үлесімізді қосуға аудандағы барша Ауған соғысының ардагерлері алдарыңызға келіп отыр. Жарысқа қатысушыларға жеңіс тілеймін. Қазақ жігіттерінің бірлігі мықты болсын, - деді аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Самат Әйтимов.
Содан соң –ақ баскетбол алаңында тартысты ойындар басталып кетті. Жарысқа аудан орталығынан «Индер», «Барлаушы», «1989 жылғылар», М.Әуезов атындағы орта мектеп пен |Жарсуат, Есбол, Елтай ауылдарынан командалар бақ сынауда.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ
Индер ауданы