Экспорттық әлеует және жаңа нарықтар: Қазақстан шетелге астық жеткізу көлемін арттырды

Биылғы маркетингтік жылда экспортқа рекордтық көлемдегі 13,4 млн тонна астық жіберілді, бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Жемдік ұнды қоса алғанда, мұндағы көлем 15 млн тоннадан асты. Бұл туралы АШМ басшысы Айдарбек Сапаров Үкімет жұмысының жылдық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтты.

Ал жаңа орылған егіннен бүгінде 3,9 млн тонна астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға артық. Еліміздің жалпы экспорттық әлеуеті 13 млн тоннаға бағаланады. Қазақстандық диқандардың өнімі 45 мемлекетке жеткізіледі.

Айдарбек Сапаров атап өткендей, қарқынды экспорт ішкі нарықты тұрақтандыруда шешуші рөл атқарады. Өйткені, Қазақстанда астық ішкі қажеттіліктен 2-3 есе көп жиналатындықтан, оның артығын экспорттау Қазақстан ішіндегі баға қысымын жеңілдете түседі.

«Жоғары экспорт дегеніміз – тек имидж ғана емес, бұл тікелей экономикалық пайда. Елімізге одан ұлттық валюта бағамын қолдайтын валюталық кіріс түседі. Диқандар сыртқы нарыққа астық сатудан түскен табысын техниканы жаңартуға және өндірісті дамытуға инвестициялай алады»,
— деп атап өтті спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT