Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында айтылған цифрлық мемлекет құру бағыты – халыққа қызмет көрсетудің сапасын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам. Бүгінде цифрландыру азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді етуде.
Қазіргі таңда көптеген қызметтер электронды форматта көрсетіліп, тұрғындар анықтама алу, өтініш беру, төлем жасау сияқты мәселелерді онлайн түрде шеше алады. Бұл әсіресе шалғай ауылдар үшін тиімді. Цифрлық шешімдер халық пен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, ашықтықты арттыра түсуде.
Сонымен қатар цифрландыру адами факторды азайтып, қызмет көрсету сапасын жақсартады. Автоматтандырылған жүйелер әділдікті қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді. Бұл – Жолдауда көтерілген заң мен тәртіп қағидаттарымен де үндес.
Қорытындылай келе, цифрлық мемлекет – заман талабы. Жолдауда белгіленген бұл бағыт толық жүзеге асса, халыққа көрсетілетін қызметтер сапалы, жедел және баршаға бірдей қолжетімді болары сөзсіз.
Н.Науанов
ауыл тұрғыны


