Басқарма бассыздыққа жол бермейді

   Өркениетті қоғамның дамуына, өркенділік көшіне ілесуге кереғар әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлық секілді факторлардың алдын-алу қазіргі таңдағы мемлекеттің алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.  Сондықтан осынау қатерге қарсы күрес бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейде жан-жақты жүргізіліп келеді.   2016 жылдан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы  Заңының да күші жойылып, жаңадан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 5 тараудан және 27 баптан тұратын Заң қабылданды,ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған,яғни  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын, мақсаты мен міндеттерін, өкілеттіктерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді,яғни мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет пен жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың жақын туыстардың,ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет iстеуiне жол бермеу т.б. талаптарын қамтиды.

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде және оның аумақтық органдарында да сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданып,бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және интернет ресурстарда жүргізілетін іс-шаралар жоспары бекітіліп , салық органдарындағы жай-күйді бағалай отырып, салық қызметі органдары арасында сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз жағдай жасауды алға қойып, тиімділігі жоғары салық қызметін құруға негізделген жұмыстар жүргізілуде. 

Салық қызметінің органдарында сенім телефондары, арыз-шағым, ұсыныс-пікір жәшіктері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетінің электронды шағым кітабы жұмыс жасауда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы басым бағыттардың бірі бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, салық органдарында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы кеңінен насихаттап, жұршылықтың салық органдарына деген сенімін арттыру болып табылады.

Осыған орай аудандық кірістер басқармасы тарапынан аудандық газетке мақалалар мен хабарландырулар жариялау, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және салық заңдылығын түсіндіру мақсатына бағытталған  семинарлар,  техникалық оқулар,  дөңгелек үстелдер  өткізу жолға қойылды.

Мемлекеттік органның тарапынан жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесін арттыру,  заңдылықтардың мүлтіксіз  сақталуы  мен заң талаптары түсіндіру бойынша мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

 

                    С.Исалиева – Индер   ауданы бойынша  мемлекеттік  кірістер басқармасының   бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521