Баламалы энергия көздері тұрақты емес

6 қазанда өтетін референдум «Қазақстанда атом энергетикасын дамытамыз ба, жоқ па?» деген сұраққа жауап береді. Негізі базалық энергия көздері ретінде жылу (көмір мен газ), гидро және атом секілді үш түрлі электростансаларды қарастыруға болады. 

Бүгінде жасыл энергия көзі ретінде гидроэлектростанса және атом электрстансасы жиі айтылып жүр. Жылу электр стансасы экологияға көмірқышқыл газын шығаратын жасыл энергия көзі емес. Ал біз үшін көмірқышқыл газын атмосфераға шығармау қажет. Еліміз жасыл энергия көздеріне ауысуды мақсат етіп отыр. Қазақстанда 1960 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жылу электр стансалары бар. Олар ескірген. Көп стансалардың жағдайы шамалы.

Энергетика министр Алмасадам Сәтқалиев Ертіс каскадының қуатын арттыруға мүмкіндік беретін дербес станция — Шүлбі ГЭС қарсы реттегішін салу туралы айтты. Біздің елде ГЭС салатын өзендердің де саны көп емес. Сол себепті гидроэлектростансасы көп қойылмайды. Газ бен мұнайдың қоры шектеулі.

Сондықтан да АЭС-ті экологияға ешқандай кері әсері болмайды деп ұсынып отыр. Болашақта АЭС-тан басқа энергия көзі қалмайды. Баламалы энергия көздері де тұрақты емес. Ал біз үшін көміртекті бейтарап энергия көздері қажет. АЭС ешқандай көмірқышқыл газын, қауіпті жағдайда реактивті материалдарды сыртқа шығармайды. Қазір салынуға ұсынылып жатқан үшінші буындағы реакторлар.

Кейбіреулер айтып жүрген газатурбиналық электр стансасының жұмыс істеу мерзімі — 25 жыл. АЭС 100 жылға дейін жарамды. Сарапшылар да газатурбиналық стансасын орнату аз уақыт алғанмен, оның нәтижесі шамалы екендігін айтады. Осы жағынан қарағанда қайсысы тиімді, соған басымдық беру керек.

Ұлттық ядролық орталығында жұмыс істеп жатқаныма 24 жылдан асты. Мен осы салада жұмыс істеп, оның қыр-сырын білемін. АЭС салу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл салада «бармақ басты, көз қысты» жағдайлар жоқ. Қазақстанда екі ядролық зерттеу орталығы бар.

Ерболат ҚОЯНБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Атом энергиясы институты директорының орынбасары,

Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521