Бала тәрбиесіне бейқам болмау қажет

Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтіп, бұл бағыттағы жұмыстардың барысы пысықталды.

Бұл жөнінде алдымен хабарлама жасаған Өрлік ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы М.Қаженовтің хабарламасына қарағанда құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу бағытында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізетін мұғалімдер, ардагерлер, ауыл белсенділерінен құралған арнайы топ жұмыс жасайды екен. Отбасынан берілген тәрбие мектепте біліммен ұштасқандықтан ол жерде «Бала тәрбиесі бейқамдықты көтермейді», «Жат ағымдар жетегінен сақтан», «Ұлағатты ұл-қыз ұлттың болашағы», «Тәртіп-тәрбиеліліктің белгісі», «Өз құқығыңды біл» атты тағылымды шаралар өткен. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектептен тыс қосымша білім және спорттық шаралар сынды өзге де жұмыстар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Аймұратов халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін тұрақты түрде арттыру, сол арқылы әлеуметтік қорғауды жетілдіру, соның ішінде аз қамтылған, жұмыссыз, нысаналы топтарға жататындарды жұмыспен қамту, осы ретпен құқық бұзушылықтың алдын алуға септігін тигізу бағытындағы атқарылған істерге шолу жасады. Аудан әкімі, комиссия төрағасы С.Арыстан хабарламашыларға кейбір мәселелер бойынша сұрақтар қойып, нақты тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз